Сабақтан тыс жұмыстар
Мектебімізде оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған түрлі сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттары:
- Спорттық секциялар: футбол,дзюдо, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ және басқа да үйірмелер.
- Шығармашылық үйірмелер: би, музыка, сурет өнері, робототехника, домбыра
- Пәндік клубтар: ментальды арифметика, ағылшын тілі
- Рухани-адамгершілік шаралар: сыныптан тыс кездесулер, тәрбие сағаттары, мектепішілік байқаулар.
Барлық іс-шаралар оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне сай ұйымдастырылып, олардың тұлғалық дамуына қолдау көрсетеді.
Мектебімізде 11 түрлі үйірме балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін ұйымдастырылған. Мектебіміздің барлық оқушысы 100% үйірмемен қамтамасыз етілген.