Асхана
Мектебіміздің асханасы 180 орынға арналған кең әрі жарық залдан тұрады. Асхана санитарлық талаптарға толық сай жабдықталған және оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануына жағдай жасалған.
Күнделікті ұсынылатын тағамдар мәзірі мектеп директорының мөрімен ресми түрде бекітіледі. Мәзір құрамында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құнды тағамдар қамтылып, олардың денсаулығын нығайтуға, дұрыс әрі теңгерімді тамақтануына баса назар аударылады.
Асханамызда оқушыларға жайлы атмосфера қалыптастырылып, тамақтану мәдениеті мен тәртібі сақталуына ерекше көңіл бөлінеді.